Қоғам
Енді заң бұзушылықты видеоға түсірсеңіз, ақша аласыз
Астанада құқықбұзушылықты фотоға не видеоға түсіргендерге 20 АЕК-ке дейін сыйақы төленеді.

Астанада әкімшілік құқықбұзушылықтарды фото немесе видеоға түсіріп, құзырлы органдарға жолдаған азаматтарға сыйақы беріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің қаулысында көрсетілген.
Не өзгереді?
- Әкімшілік құқықбұзушылықты тіркегені үшін 20 АЕК-ке дейін (86 500 теңгеге дейін) сыйақы төленуі мүмкін.
- Сыйақы құқықбұзушы төлеген айыппұл қаражатынан беріледі.
- Анонимді хабарламалар қаралмайды.
- Сыйақы төлеу туралы түпкілікті шешімді арнайы комиссия қабылдайды.
- Қаражат комиссия шешімі шыққаннан кейін 30 күн ішінде азаматтың банк шотына аударылады.



