Қоғам

Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскесінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 17-18 шілде күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button