Қоғам

Астана қыстың қамын қазірден бастап жатыр: жаңа жылу көздері іске қосылады

Астанада алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісінде елорданың жылу-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды жұмыстар туралы мәлімдеді.

Қала басшысының айтуынша, Астананың қарқынды өсуіне байланысты жылу қуатын арттыру, қолданыстағы нысандарды жаңғырту және жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды қосуға қажетті резерв қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

«Телман» станциясы: болашақтың жылу көзі

Қазіргі таңда «Телман» газ жылу станциясының құрылысы қарқынды жалғасуда. Бұл нысан елорданың болашақтағы құрылыс аймақтарын сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп, жылумен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде станцияның құрылысқа дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Жоба толық іске қосылғанда жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосуға қажетті қуат резерві қалыптасады.

ЖЭО-2 қуаты артады

Сонымен қатар ЖЭО-2-дегі су жылыту қазандығын кеңейту және №7, №8 су жылыту қазандықтарын орнату арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қаланың негізгі жылу көздерінің бірінің қуатын арттырып, жүйенің сенімділігін күшейтеді.

Нәтижесінде Астанада жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу мүмкіндігі кеңейіп, алдағы қыста тұрғындарды тұрақты әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету деңгейі жоғарылайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button