Қоғам

Астанада транзиттік жүк көліктеріне шектеу енгізілді

10 тамыздан бастап Астана арқылы транзитпен өтетін ауыр жүк көліктерінің қала аумағына кіруіне тыйым салынды.

Жаңа тәртіп Астана қаласының аумағы арқылы өтетін транзиттік көлік қозғалысын реттеу мақсатында енгізілді. Қала әкімдігінің 27 шілдеде қабылдаған қаулысына сәйкес, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы «Астана қаласын айналып өту» автожолына бағытталады.

Яғни Астанаға жүк жеткізу немесе қала ішінде жұмыс істеу мақсатында емес, тек транзитпен өтіп бара жатқан большегруздар енді қала көшелеріне кіре алмайды. Олар белгіленген айналма бағытты пайдалануы қажет.

Бұл өзгерістің басты мақсаты – елордадағы көлік қозғалысын жеңілдету және жолдарға түсетін жүктемені азайту. Ауыр жүк көліктерінің қала орталығындағы қозғалысы жолдағы көлік санының артуына, кептелістерге және жол инфрақұрылымына қосымша салмақ түсіруі мүмкін.

Жаңа талап тек транзиттік ауыр жүк көліктеріне қатысты. Жеңіл автокөліктердің Астана аумағында қозғалуына байланысты бұл қаулымен қосымша шектеу енгізілген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button