Қоғам

«Ауыл» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті: ауылдың болашағы – елдің болашағы!

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы қарсаңындағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ауыл» партиясының өкілдері «Столичная дезинфекция» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар – «Ауыл» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Абдыханов Ұлан Аманбекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымындағы «Ауыл» фракциясы аппаратының басшысы Сұлтанқұлова Жазира Қайратқызы және «Aitas group» АҚ вице-президенті Тоқсейтова Рабиға Әлбекқызы қатысты.

Рабиға Әлбекқызы өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі, жастардың дұрыс әрі сапалы тамақтануы және ауыл халқының әл-ауқатын арттыру мәселелерінің маңыздылығына тоқталды. Ауылдың тұрақты дамуы елдің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.

Жазира Қайратқызы Құрылтайдың маңызына тоқталып, заң жүйесінің жұмыс істеу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ азаматтардың сайлау арқылы өз таңдауын жасауының маңыздылығын айтып, «Ауыл» партиясының ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға және ауылдық жерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалары туралы баяндады.

Ал Ұлан Аманбекұлы «Ауыл» партиясының негізгі жеті бағытына тоқталып, партияның 26 жыл ішінде атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктеріне шолу жасады. Ол ауылдың мәселесін көтеру, ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау және ауылдың әлеуетін арттыру партия жұмысының басты басымдықтары екенін жеткізді.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жастарды, еңбек адамдарының және ауыл тұрғындарының мәселелеріне қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Партия өкілдері барлық ұсыныс пен пікірдің маңызды екенін атап өтіп, жастармен және еңбек ұжымдарымен ашық диалогты жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

Кандидаттар өздерінің де ауылдан шыққанын атап өтіп, ауылдың дамуы мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – «Ауыл» партиясының басты басымдықтарының бірі екенін айтты.

Кездесу соңында азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, №5 – «АУЫЛ» партиясына дауыс беруге шақырды.

Шығарған ұйым: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Тапсырыс беруші: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Төленді: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қорының қаражаты есебінен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button