Қоғам

Азық-түлік бағасын төмендете аламыз ба?

Нан, сүт, жұмыртқа, ет, көкөніс — елорда тұрғындарының күнделікті тұтынатын үйреншікті азық-түлігі. Алайда олардың бағасы дүкен сөресіне жетпей тұрып-ақ қалыптасады.

Өнім өндіруден бастап оны өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға дейінгі аралықта тұтас жүйе жұмыс істейді. Осы тізбектің кез келген тұсындағы мәселе — сақтау қоймаларының жетіспеуі, логистиканың қымбаттығы, өңдеу кәсіпорындарының аздығы немесе делдалдардың көптігі — ақыр соңында тауардың бағасына әсер етеді.

Халқы қарқынды өсіп келе жатқан Астана үшін бұл мәселенің маңызы ерекше. Елордаға қажетті азық-түліктің едәуір бөлігі өңірлерден жеткізіледі. Сондықтан қаладағы азық-түлік нарығының тұрақтылығы ауыл шаруашылығының ахуалына және өңірлердегі инфрақұрылымның даму деңгейіне тікелей байланысты.

Өндіруші мен тұтынушының мүддесі кейде бір-біріне қарама-қайшы көрінеді: шаруа өнімінің сатып алу бағасын төмен санайды, ал қала тұрғыны дүкендегі қымбатшылықты көреді. Алайда мәселенің үлкен бөлігі осы екеуінің арасындағы тізбекте жатыр. Қазіргі агроөнеркәсіп кешені тек шикізат өндірумен шектелмейді. Оның құрамына өңдеу кәсіпорындары, көкөніс қоймалары, ветеринариялық бақылау, логистика және қолжетімді қаржыландыру жүйесі кіреді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту — «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі. Партия дерегіне сәйкес, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 2021 жылғы 140 млрд теңгеден 2026 жылы 1,5 трлн теңгеге дейін өскен. 2023–2026 жылдары фракция депутаттары 154 депутаттық сауал жолдап, оның 56 пайызы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты болған.

Көтерілген мәселелердің қатарында субсидиялау, ветеринария, су ресурстары, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, сүт өндірісін қолдау және фермерлердің қаржыға қолжетімділігі бар. Бір қарағанда, бұлар салалық мәселелер болып көрінуі мүмкін. Алайда қанша өнім өндірілетіні, оның сапасы мен қауіпсіздігі және тұтынушыға қандай бағамен жететіні осы мәселелердің шешілуіне тікелей байланысты.

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында азық-түлік қауіпсіздігі мен өнімнің халыққа қолжетімділігі жеке бағыт ретінде қарастырылған. Партия ірі қалалардың айналасында азық-түлік белдеулерін дамыту, заманауи сақтау қоймалары мен тарату орталықтарын құру, өндірушілердің кооперациясын қолдау және олардың қала нарығына тікелей шығуына жағдай жасауды ұсынады.

Яғни фермерден бастап өнім сатылатын соңғы нүктеге дейін біртұтас агрологистикалық жүйе қалыптастыру көзделіп отыр. Өнім ысырабы, артық тасымал мен делдалдар азайған сайын өндіруші үшін де, тұтынушы үшін де қолайлы бағаны сақтауға мүмкіндік көбейеді.

Астана үшін мұндай жүйенің маңызы айрықша. Қарқынды өсіп келе жатқан елордаға азық-түліктің мол қоры ғана емес, маусымға немесе сыртқы жағдайларға тәуелді болмайтын тұрақты жеткізілім қажет.

Қала мен өңірдің өзара тәуелділігі де осы тұста анық байқалады. Елордаға сенімді азық-түлік көзі қажет болса, өңірлерге тұрақты өткізу нарығы, инвестиция және өңдеу қуаты керек.

«“Қуатты өңірлер — қуатты орталық” қағидаты елдің орнықты дамуы мықты өңірлік экономикасыз мүмкін емес екенін білдіреді. Аграрлық сектор мен азық-түлік қауіпсіздігі адамның ауылда немесе елордада тұратынына қарамастан, оның өмір сапасына тікелей әсер етеді», — дейді «Ауыл» партиясының төрағасы, Құрылтай депуттатығына кандидат Қайрат Айтуғанов.

Дүкен сөрелері азық-түлікке толы кезде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі көп жағдайда назардан тыс қалады. Бірақ қарапайым отбасы үшін оның мәні өте нақты: өнімнің сапасы, түр-түрінің болуы және күнделікті сатып алуға кететін шығын.

Бүгін Астана тұрғынының дастарқанына қойылған азық-түліктің жолы елордадан әлдеқайда алыста басталады. Ол — егістік пен фермадағы, өңдеу цехтары мен қоймалардағы, логистикалық орталықтардағы еңбектің нәтижесі.

Шығарған ұйым: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Тапсырыс беруші: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Төленді: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қорының қаражаты есебінен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button