Қоғам
Қошқарбаев даңғылында жаңа автобус жолағы іске қосылды
Бас қалада қоғамдық көлікке қатысты жаңа өзгеріс енгізілді. Қошқарбаев даңғылының бір бөлігінде арнайы автобус жолағы іске қосылды.

Жаңа Bus Lane Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейін созылады. Енді бұл бағытта автобустар жеке жолақпен жүріп, кептелісте уақыт жоғалтпай қатынай алады.
Қалалық әкімдік жүргізушілерді жаңа жол тәртібіне назар аударып, жол белгілері мен таңбаларды сақтауға шақырды.
Жаңа жолақтың басты мақсаты – автобустардың қозғалысын жылдамдатып, жолаушылардың аялдамаға дейінгі уақытын қысқарту. Елордада қоғамдық көлікке басымдық беретін мұндай жолақтар алдағы уақытта да көбейтілуі мүмкін.



