Қоғам
Сабақтан кейін – тұшпара, ал бос уақытта – бизнес

Астаналық 7-сынып оқушысы Бейсен Тәңірберген көп баладан ерекше. Ол сабақтан кейін телефонға үңіліп отырмайды – әпкесімен бірге тұшпара түйіп, тапсырыс орындайды.
Бейсен қамырмен жұмыс істеуді небәрі 6 жасында анасына көмектесуден бастаған. Бүгінде бұл қызығушылық шағын кәсіпке айналды. Жас кәсіпкерлер күніне 8-12 келіге дейін тұшпара дайындайды, ал тапсырыстардың бір бөлігі дүкендерден түседі.
Сабақ, үйірме және бизнес – Бейсен бәріне уақыт табады. Күніне небәрі 1-2 сағатын осы іске арнайтын оқушы болашақта кәсібін кеңейтіп, жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.



