Технология

iKOMEK109 8 жылда Астана тұрғындарынан 18 млн өтініш қабылдады

Астанада тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын қабылдап, тиісті қызметтерге бағыттайтын iKOMEK109 орталығы 2018 жылдан бері 18 миллион өтінішті өңдеді.

Бірыңғай байланыс орталығы бүгінде елорданың күнделікті тыныс-тіршілігін бақылап, тұрғындардың мәселелерін жедел шешуге ықпал ететін маңызды жүйеге айналды. Мұнда мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің, аудан әкімдіктері мен жедел қызметтердің жұмысы үйлестіріледі.

2026 жылдың басынан бері орталыққа 1,5 миллионнан астам өтініш түскен. Тұрғындар көбіне қажетті ақпарат пен кеңес алу үшін хабарласады. Өтініштердің басым бөлігі денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, электрмен қамту, коммуналдық қызметтер және қалалық инфрақұрылым мәселелеріне қатысты.

Биыл қаңтардан бастап iKOMEK109 iKOMEK 2.0 жаңа ақпараттық жүйесіне толық көшті. Платформа өтініштің қабылдануынан бастап оның орындалуына дейінгі барлық кезеңді бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүйе қайталанатын өтініштерді анықтап, мәселелерді нақты уақыт режимінде талдауға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялардың енгізілуі iKOMEK109-ды жай ғана байланыс орталығынан қаланы басқарудың цифрлық құралына айналдырып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button