Қоғам
LRT «Әуежай» станциясының сыртқы кіреберісі уақытша жабылады.
CTS компаниясының құрылыс жұмыстарын жүргізуіне байланысты Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан LRT «Әуежай» станциясының сыртқы кіреберісі шамамен 20–25 күнге жабылады.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Дегенмен, жолаушылар үшін әуежайдың 2-терминалын LRT станциясымен байланыстыратын жабық өткел ашық болады. Яғни, жолаушылар аталған өткел арқылы станцияға өте алады.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген өзгерістерді ескеруді және әуежайға ертерек келуді ұсынады.
Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін LRT «Әуежай» станциясының сыртқы кіреберісі қайта ашылады.



