ҚоғамМәдениет

Астанада Aqtobe Creative Days өтеді

Астанада 10–11 қазанда Aqtobe Creative Days өтеді

Ақтөбе облысы Астананың тұрғындары мен қонақтарына қолөнер, дизайн, театр, музыка, әдебиет және технология салаларындағы шығармашылық жобаларын таныстырады. Іс-шара республикалық «Creative Aimaq» жобасы аясында ұйымдастырылады.

Бағдарламада «Aqtobe Design» авторлық топтамаларының көрсетілімі, «Алақай» қуыршақ театрының қойылымы, Ақтөбе туралы анимациялық фильм, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші, сондай-ақ «SherTer» және «Жеребе life» жобаларының концерттік бағдарламалары бар.

Екі күн бойы көрме аймақтары жұмыс істеп, онда қолөнер бұйымдары, IT-жобалар мен кітап өнімдері таныстырылады. Келушілер зергерлік өнер, киіз басу, тері өңдеу және дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады.

📍 Өтетін орны: Qazaq Creative Hub, Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2

Басқа жаңалықтар

Back to top button