Басты жаңалықҚоғам

Астанада 1500 орындық екі жаңа оқушылар сарайы ашылады

Елордада балалардың шығармашылық және спорттық қабілетін дамытуға арналған екі жаңа орталық жақын күндері жұмысын бастайды. «Tanym art» және «Tanym sport» кешендерінің әрқайсысы 750 оқушыға шақталған.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы жаңа нысандардың дайындығымен танысты.

Сарыарқа ауданында, Ақан сері мен С189К көшелерінің қиылысында орналасқан «Tanym art» кешені балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған. Мұнда оқушылар өз қызығушылықтарына сай жаңа бағыттарды меңгеріп, өнерге деген қабілетін шыңдай алады.

Ал Алматы ауданындағы М. Төлебаев көшесінде орналасқан «Tanym sport» орталығы жасөспірімдердің спортпен шұғылданып, физикалық мүмкіндіктерін дамытуына жағдай жасайды.

Жаңа кешендерде балалар өнер, спорт, ғылым, техника және заманауи технологиялар бағытында қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, өз қабілеттерін ашып, жан-жақты дамуына да мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жыл басында елордада 750 орындық «Tanym» көпфункционалды кешені ашылған болатын. Жаңа екі орталықтың іске қосылуы Астанадағы балаларға арналған қосымша білім беру орындарының санын арттыра түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button