Басты жаңалық
Жаңбыр, қар, тұман және қатты жел: Күз биыл аянып қалмады

🌧 Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр, қар, тұман және қатты жел күтіледі. Күз биыл аянып қалмайтын сияқты.
13–15 қазан аралығында ел аумағында күн суытады. Солтүстікте түнгі температура −6°C-қа дейін төмендейді. Шығыста көктайғақ болуы мүмкін, ал 15 қазанда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
Ал оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы әлі де +22°C-қа дейін көтерілуі ықтимал.
Қазақстан тағы да бірнеше климаттық белдеуде қатар өмір сүріп жатқандай. Бір өңірде жұрт футболка киерін ойлап жүрсе, енді бірінде қысқы дөңгелектерді көктемде қайда қойғанын еске түсіріп әлек.
Алдағы күндерге кеңес: үйден шығарда ауа райына сай киініңіз. Мүмкін болса, төрт маусымға бірдей дайындалып шығыңыз.



