ҚоғамТехнология

Tele2 абоненттеріне жаңа мүмкіндік: пайдаланылмаған интернет пен минуттар келесі айға сақталады

 

Tele2 абоненттері үшін пайдалы жаңалық! Енді бір айда толық пайдаланылмаған интернет гигабайттары мен минуттарды келесі айға ауыстыруға болады.

Яғни осы айда интернетті аз пайдалансаңыз, тарифке төленген трафиктің қалған бөлігі жанып кетпей, арнайы «қоржынға» жиналады.


Жинақта 3 ТБ-қа дейін интернет сақтауға болады. Бұл қызметті бөлек қосу немесе қосымша ақы төлеу қажет емес. Егер сіздің тарифіңіз аталған мүмкіндікке қатысса, қызмет автоматты түрде іске қосылады.

Басты шарт – абоненттік төлемді уақытында төлеу.

Тарифіңіздің осы мүмкіндікке қатысатынын Tele2 қосымшасындағы «Менің тарифім» бөлімінен тексере аласыз.

Қызметтің қалай жұмыс істейтінін скриншоттардан көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button