Басты жаңалықТуризм

Қазақстан мен АҚШ тікелей әуе рейстерінің қауіпсіздігін талқылады

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу алдындағы қауіпсіздік талаптары талқыланды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі хабарлады.

Астанада өтіп жатқан ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстан өкілдері АҚШ Көлік қауіпсіздігі басқармасының (TSA) делегациясымен кездесті.

Тікелей рейстерді ашу үшін TSA Air Astana әуе компаниясының қауіпсіздік бағдарламасын қарастырады. Сонымен қатар жолаушылар туралы деректердің Secure Flight жүйесіне берілу тәртібін тексеріп, әуежай қауіпсіздігіне баға береді.

Бұл жұмыстар АҚШ Көлік министрлігімен және Федералдық авиация әкімшілігімен (FAA) бірлесіп жүргізіледі.

Бұған дейін билік Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button