Басты жаңалықҚоғамЭкономика

Астана тұрғындарына 9 айда 370 млн теңге қайтарылды

 

2026 жылдың алғашқы 9 айында Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 10 102 өтініш түскен. Шағымдардың басым бөлігі электронды және бөлшек саудаға, тұрмыстық және білім беру қызметтеріне қатысты.

Нәтижесінде 4 837 өтініш бойынша тұтынушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, тұрғындарға жалпы сомасы 370 млн теңге қайтарылды.

Сонымен қатар осы кезеңде 203 тексеру жүргізіліп, 53 нұсқама берілген. Заңбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4,7 млн теңгеден асты.

Департамент басшысының орынбасары Гүлзада Алматбаеваның айтуынша, тағы 2 218 өтініш бойынша азаматтарға тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button