Қоғам

Астанада 235 үйге газ бен түтін датчиктері орнатылды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлеріне ерекше назар аударылған. Қазіргі уақытта осындай 235 үйге улы газ бен табиғи газды анықтайтын датчиктер, сондай-ақ түтін хабарлағыштары орнатылды.

Бұдан бөлек, 43 үйдің мұржасы тазартылып, тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндірілді. Бұрын орнатылған өрт хабарлағыштарының қуат элементтері де ауыстырылған.

Жылыту маусымы басталғалы бері мамандар полиция, әкімдік, энергетикалық және газ мекемелерінің өкілдерімен бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізіп келеді. Жалпы, түсіндіру жұмыстары 4 191 үйді қамтып, 20 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіздік талаптары жеткізілген.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға пештер мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын тұрақты тексеріп, мұржаларды уақытылы тазалауды ескертеді. Сондай-ақ электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу және қосулы құрылғыларды қараусыз қалдырмау маңызды.

Мамандар өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласуға шақырады

Басқа жаңалықтар

Back to top button