Қоғам

Астанада су ресурстарын басқару жөніндегі ахуалдық орталық ашылды

Астанада су ресурстарын басқару саласындағы деректерді жинау, өңдеу және талдауға арналған жаңа ахуалдық орталық ашылды.

Орталық 3 қарашада Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының базасында іске қосылды. Жобаны Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) жүзеге асырып жатқан өңірлік бастама аясында қолдаған.

Ашылу рәсіміне Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі, ақпараттық-талдау орталығы, GIZ өкілдері, сондай-ақ Германия мен Швейцария елшіліктерінің қызметкерлері қатысты.

Жаңа орталық су ресурстары туралы ақпаратты жедел жинауға, өңдеуге, талдауға және көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда орнатылған цифрлық инфрақұрылымның маңызды бөлігі – су саласындағы деректерді бейнелейтін сегіз экраннан тұратын бейнеқабырға.

Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – су ресурстарын басқару кезінде нақты әрі өзекті ақпаратқа сүйеніп шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту. Бұл әсіресе

трансшекаралық су ресурстарын бақылау және мемлекеттер арасындағы ақпарат алмасу үшін маңызды.

Орталықтың іске қосылуы Қазақстанның су саласын цифрландыруға және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button