Қоғам
Елорда зейнеткерлеріне санаторийге жолдама беріледі
Елорда әкімдігі зейнеткерлерге санаторий-курорттық емделуге арналған әлеуметтік көмекті алу тәртібін түсіндірді.
Бағдарламаға Астанада кемінде үш жыл тұрақты тіркеуде тұрған азаматтар қатыса алады. Жас ерекшелігі бойынша зейнеткерлерге жолдама екі жылда бір рет беріледі.
Жолдама құнының:
20%-ын зейнеткер;
ең төменгі зейнетақы алушылар 15%-ын төлейді.
Тіркелу birge.astana.kz сайты арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен жүргізіледі. 2026 жылы жолдамалар «Қатаркөл», Zari және «Балқаш» шипажайларына берілген.



