Қоғам

Астананың тумасы Аяжан енді Netflix-те!

13 жасар қазақстандық Аяжан Далабаева — АҚШ киноиндустриясында жарқ еткен жас актриса. Ол қазірдің өзінде Netflix жобаларына түсіп, тіпті NBA-ның 75 жылдығына арналған промороликте әлемдік баскетбол жұлдыздарымен бірге бой көрсеткен. Портфолиосында Warner Bros., Universal Pictures және Blumhouse студияларымен бірлесе жұмыс істеген жобалар да бар.

Аяжанның алғашқы дебюті 9 жасында болған — ол “The G Word with Adam Conover” мини-сериалына түсті. Кейін Miracle Workers комедиясының 4 маусымында көрінді: онда біздің жұлдызымыз баршаға Гарри Поттер ролімен танылған Дэниел Рэдклифф, Стив Бушемимен бірге ойнаған.

Ең жарқын жобаларының бірі — Warner Bros. түсірген Sweet Tooth сериалындағы Нуки рөлі. Ал 2024 жылы Аяжан Blumhouse және Universal Pictures бірлескен “Night Swim” толықметражды хоррор фильмінде ойнап шықты.

Аяжан Астанада дүниеге келген, ал АҚШ-қа екі жасқа толмай көшкен. Анасы Айнұр Аманчиева қызының өнерге бейімін өте ерте байқаған. Өзі де би және сахнада өнер көрсетумен айналысқанымен, Аяжанның актерлік жолы қызының жеке таңдауы екенін айтады.

Алғашқы кастингке қатысуына да Аяжанның анасы себепші. Қызының потенциалын байқап, «бір көрейік» деген. Аяжан өзін сенімді ұстап, бірден алғашқы іріктеулерден сүрінбей өтті. Анасының айтуынша, Аяжанның айқын азиялық келбеті кейде этникалық типаж қажет болған кастингтерде артықшылығы болған. Бірақ ең бастысы ол өзін камера алдында еркін ұстауы.

Қазір Аяжан жаңа кастингтерге қатысып, актерлік курстарда білімін жалғастырып жүр. Отбасының айтуынша, тоқтамай, кәсіби кино әлемінде өз жолын әрі қарай да сенімді түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button