Димаш Құдайберген енді БҰҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі

8 желтоқсанда Женевада өткен БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы кеңесінің сессиясында қазақстандық әнші әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Кудайберген ресми түрдеМОМ-ның жаһандық ізгілік елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Kazinform DimashNews-ке сүйеніп хабарлады.
Осыған дейін, 2024 жылы, Димаш ұйымның аймақтық ізгілік елшісі атанып, мигранттар мәселесіне қатысты көптеген жобаларды қолдап келген. Ол өз платформасы арқылымигранттардың интеграциясы, олардың қауіпсіздігі мен құқықтарын түсіндіруге ерекше үлес қосты.
2025 жылы Димаш ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, бірнеше маңызды бастамаларға қатысты. Рамазан айындағы ХКҰ кампаниясында бүкіл әлемдегі миллиондағантыңдармандарына мейірім мен ізгілік жайлы үндеу жолдады. Сонымен қатар, адам саудасына қарсы ақпараттық жұмысты жалғастырып, гуманитарлық дағдарыстан зардапшеккендерге қолдау көрсетуге шақырды.
Әртістің «Stranger» әлемдік турнеcі Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларын қамтып, 100 мыңнан астам адамды қамтыды. Димаш әр концертіндеинклюзивтілік пен қолдаудың маңызын айтып, көрермендерді ХКҰ-ның гуманитарлық жұмысына назар аударуға шақырды.
Женевадағы сессияда ол өзінің әйгілі «S.O.S d’un terrien en détresse» әнін орындап, ұйым өкілдері мен түрлі мемлекет делегациялары алдында үлкен ықыласқа бөленді. ХКҰ бас директоры Эми Поуп Димаштың еңбегін жоғары бағалап:
«Димаш өз дауысын тек өнер үшін емес, қиындық көрген адамдардың үні болу үшін пайдаланып жүр. Біз оны жаһандық ізгілік елшісі ретінде қарсы алғанымызғақуаныштымыз», — деді.
Өз кезегінде Димаш:
«ХКҰ-мен жұмыс – өмірімнің ең маңызды бөліктерінің бірі. Бұл мәртебені үлкен жауапкершілікпен қабылдаймын. Мигранттарды қолдап, қауіпсіз миграция туралы ақпараттарату жұмысын жалғастыра беремін», — деп атап өтті.



