Спорт
Азия жасөспірімдер Пара ойындары: Қуаныш Рахатұлы үздік үштікте

Дубайда 2025 жылғы Азия жасөспірімдер Пара ойындары ресми түрде басталды. Бұл – Азия құрлығындағы жас пара-спортшыларға арналған ең ірі халықаралық жарыстардың бірі. Биылғы додаға 45 елден 12–23 жас аралығындағы 1300-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Айтулы бәсекеде Астана қаласының пара спортшысы Қуаныш Рахатұлы алғашқы медалін жеңіп алды. Ол 54 кг салмақ дәрежесінде 107 кг нәтижемен сынға түсіп, пара пауэрлифтингтен үздік үштікке енді.
Қазақстан құрамасы бұл ойындарға 9 спорт түрінен 60-тан астам спортшымен қатысуда. Ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында елордалық Тұрғанбеков Али, Қалиева Аделя, Ержанқызы Алтынай, Рахатұлы Қуаныш, Надыров Вазир және Алмат Ерхат бар.



