Саясат

Токио Қазақстан Президентінің сапарына қалай дайындалып жатыр?

Қазақстан Президентінің Жапонияға ресми сапарына дайындық барысы түсірілген фото және бейнематериалдарды БОРТ №1 Telegram-арнасы жариялады.

Кадрлардан Токионың басты көшелерінде Қазақстанның туы ілінгенін көруге болады. Бұл — Қазақстанның әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің бірі саналатын Жапония астанасында айқын көрініс тауып, халықаралық деңгейдегі беделін көрсететін маңызды белгі.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі 18-20 желтоқсан күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапармен баратынын хабарлаған болатын.

Сапар аясында Мемлекет басшысының Император Нарухитомен, Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичимен, сондай-ақ жапондық іскер топ өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті «Орталық Азия — Жапония» саммитінің жұмысына қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button