Басты жаңалық

102 қосымшасы бір күні сізге де көмектесуі мүмкін

Көп адам біле бермейді, бірақ Қазақстанда ресми «102» қосымшасы бар. Оның ең маңызды функциясы — SOS батырмасы.

Егер сіз SOS батырмасын бассаңыз, қосымша автоматты түрде полицияға қоңырау шалып, сіздің геолокацияңызды және байланыс деректеріңізді жібереді. Қауіп төнген жағдайда сізге ең жақын патрульжіберіледі.

Бұл функцияның басты артықшылығы — сөйлей алмайтын жағдайда да көмек сұрауға болады. Оператор не болып жатқанын естіп, көре алады.

 Маңызды: қосымшаны орнатқаннан кейін міндетті түрде:

  • тіркеуден өтесіз

  • геолокацияға, камераға және микрофонға рұқсат беру қажет
    Сонда ғана барлық функция дұрыс жұмыс істейді.

Қосымшада тағы не істеуге болады?

  • құқықбұзушылық туралы хабарлама жіберу (фото, видео, құжат тіркеуге болады). ЖКО, төбелес, тыныштықты бұзу және басқа жағдайларға ыңғайлы

  • шағым беру, сұрақ қою, қабылдауға жазылу

  • көші-қон немесе әкімшілік полицияға жүгіну

  • Еурохаттама (Европротокол) арқылы жол-көлік оқиғасын рәсімдеу

Қосымшаны Play Market пен App Store-дан жүктеуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button