Білім
Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі елорда тұрғындарын ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қатысуға шақырады.
Қазақ тілін үйренуге ниетті азаматтардан өтініштер 2026 жылғы 8–23 қаңтар аралығында қабылданады. Сабақтар 2026 жылдың 2 ақпанында басталады.
Курс офлайн және онлайн форматта өтеді. Оқу ұзақтығы – 4 ай, сабақтар аптасына 3 рет ұйымдастырылады. Оқу бағдарламасын толық аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табысталады.
Тіркелу мекенжайы:
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет.
Байланыс телефондары:
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 24-90-52
Ұялы телефон: +7 747 248 82 20



