Қоғам
Астана тұрғындарына қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері елордада қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертіп, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Құтқарушылар дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға кеңес береді.
- Алыс сапарлардан бас тарту, жабық автожол учаскелеріне шықпау, ауа райына байланысты ресми ескертулерді бақылау ұсынылады. Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтау қажет. Жаяу жүргіншілер барынша мұқият болғаны жөн. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласыңыздар, — деп мәлімдеді құтқарушылар.
Айта кетейік, Астанада дауылды ескерту жарияланған. Қолайсыз ауа райы қаладағы жол қозғалысына және әуежайдың жұмысына әсер етті. Сонымен қатар бұған дейін еліміздің барлық өңірлерінде ауа райының нашарлағаны хабарланған еді.



