Қоғам
Сарайшық ауданында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту жобалары жүзеге асуда

Ағымдағы жылы Сарайшық ауданында Коммуналдық шаруашылық басқармасы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда. Бүгін тиісті мемлекеттік органдар мен мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жиналыс өтіп, жобаның барысы мен қаржыландыру мәселелері қаралды.
2025 жылы «Промышленный» тұрғын алабында сумен жабдықтау, шаруашылық-тұрмыстық кәріз және нөсер кәріз жүйелерін салу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы көлемі:
•Кәріз желілері – 27 511 метр
•Нөсерлі кәріз желілері – 15 815 метр
•Сумен жабдықтау желілері – 21 010 метр
Қазіргі уақытта 13,5 км сумен жабдықтау желісі және 0,7 км нөсерлі кәріз желісі салынды. Жобаны уақтылы қаржыландыру шартымен 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бұл жоба сумен жабдықтау мен тұрмыстық кәріз мәселелерін шешуге, нөсер суын тиімді басқаруға, сондай-ақ су тасқыны кезінде аумақты су басудан қорғауға бағытталған. Жобаның іске асырылуы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, инфрақұрылымды жүйелі дамытуға мүмкіндік береді.



