inDrive қосымшасында азық-түлікке тиімді баға: тапсырыс 15 минутта жеткізілді

Астанада және Алматыда inDrive қосымшасы арқылы азық-түлікке тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды. Алғашқы тапсырысқа арналған IN-PRODUCT30 промокодының көмегімен бір себеттің бағасы едәуір төмендеген. Жеткізуді және жеңілдікті есептегенде, 5859 теңгенің орнына бар болғаны 4131 теңге шыққан.
Тапсырыстағы тауарлар бағасы да назар аударарлық: President 15% қаймағы – 369 теңге, 2,5% сүт – 468 теңге, Coca-Cola 0,5 л – 334 теңге, сәбіз – 236 теңге, алма – 788 теңге, Snickers – 287 теңге, сэндвич наны – 618 теңге, Tassay суы 5 л – 794 теңге, сулықтар – 138 теңге. Көпшілік үшін күнделікті қажет өнімдер осындай бағада ұсынылуы сирек кездеседі.
Айта кетейік, IN-PRODUCT30 промокоды алғашқы тапсырысқа, сомасы 5000 теңгеден басталған жағдайда қолданылады. Ең жоғары жеңілдік – 2000 теңге. Сервис әзірге Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді.
Жеткізу жылдамдығы да қуантады: тапсырыс 11:52-де рәсімделіп, шамамен 15 минутта жеткізілген. Қамту аймағы кең, ал егер сіздің мекенжайыңызға әзірге жеткізу болмаса, басқа ауданға барар кезде тапсырыс беруге болады.



