Жылы аялдамалардағы вандализмге қарсы күрес күшейтілді

Соңғы кездері астаналық тұрғындар мен қонақтардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін жасалған жылы автобус аялдамаларында вандализм оқиғалары көбейіп кеткен.
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жылдам реакцияны қамтамасыз ету мақсатында аялдамалардағы бейнебақылау камералары Астана қалалық полиция департаментінің Оперативтік басқару орталығына (ЦОУ) қосыла бастады. Бұрын камера жазбалары тек архивті қарап шығу үшін қолданылса, енді аялдамалардағы жағдай нақты уақыт режимінде бақыланады.
Қазіргі таңда “Сарайшық” ауданындағы 5 жылы аялдама ЦОУ жүйесіне қосылған. Алдағы бір ай ішінде тағы 27 аялдама қосылуы жоспарланып отыр. Бұл — қаланың қоғамдық қауіпсіздігін арттыруға арналған алғашқы тәжірибе.
Айта кетейік, 2025 жылы барлық жылы аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылып, қазір олар штаттық режимде жұмыс істеуде. ЦОУ жүйесіне қосу — вандализм актілерін алдын алу мен тоқтату үшін қосымша тиімді шара болып табылады.
Барлық жылы аялдамалардағы бейнеағыстарды Оперативтік басқару орталығына қосу ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.



