Қоғам

Астанада инвестиция тарту қарқыны күшейді: 2025 жылы 2,5 трлн теңге тартылды

Елордада қаланың дамуына жеке инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл тек әлеуметтік нысандармен шектелмей, өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және өзге де салаларды қамтиды.

2025 жылы Астана экономикасына рекордтық көлемде — шамамен 2,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық.

Кезекті өңірлік инвестициялық штаб отырысында бірқатар ірі инвесторлардың жобалары қаралды. Атап айтқанда:

  • қуаты 500 МВт болатын бу-газ қондырғыларын салу және пайдалану;

  • логистикалық парк салу;

  • 1000 балаға арналған күндізгі және пансионатты үлгідегі жеке мектеп құрылысы ұсынылды.

Сонымен қатар, штаб мүшелері №2 Индустриялық паркке енгізу жоспарланған жобаларды талқылады. Олардың қатарында:

  • мотор майын өндіретін зауыт;

  • ұнтақ және индустриялық жабындар шығаратын өндіріс;

  • ғылыми-зерттеу орталығын құру;

  • алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт салу бар.

Биыл іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны шамамен 60-қа жетеді, ал жалпы инвестиция көлемі 220 млрд теңгені құрайды. Бұл бастамалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлік инвестициялық штаб отырыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button