«Бұрқасын» қысқы фестивалінде қандай қызықтар болады?

14 ақпанда Астана қаласында Есіл өзенінің жағалауында дәстүрлі қысқы «Бұрқасын» фестивалі ұйымдастырылады. Оның аясында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен қысқы Олимпиада ойындарының қалалық ортақ көрсетілімі өтеді.
Қазіргі таңда 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында фристайл-могулдан жарыстар өтуде.
Спортшыларымызға бірге жанкүйер болайық!
Фестиваль кезінде қонақтар үшін:
– олимпиадалық байқау мен тапсырмалар
– InvictusGO және Қазақстан ҰОК атынан жанкүйерлерге арналған жүлделер мен сыйлықтар
– үлкен экранда елорда тұрғындарымен бірге тамашалау
Тікелей көрсетілімнің басталуы: 14:00
📍 «Бұрқасын» фестивалінің сахнасы
Есіл өзені жағасы, «Кенесары» ескерткіші маңында.



