Денсаулық

Енді терапевтке қайта-қайта барудың қажеті жоқ: емханалардағы жаңа өзгерістер

Қазақстанда емханалардың жұмысына қатысты жаңа ережелер енгізілді. Енді бейінді мамандар қосымша тексерулерге өздері жолдама бере алады, дәрігерлердің қабылдау кестесі 60 күн бұрын жарияланады, ал ем жалғасып жатқан жағдайда дәрігер қайта қабылдауға терапевттің жаңа жолдамасынсыз-ақ жаза алады.

Қазақстанда емханалардағы медициналық көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді.

Енді:

  • Бейінді мамандар өздері жолдама береді. Кардиолог, гинеколог және басқа да мамандар пациентті қосымша тексерулерге, талдауларға немесе басқа дәрігердің кеңесіне терапевтке жібермей-ақ жолдай алады.
  • Дәрігерлердің қабылдау кестесі алдын ала жарияланады. Емханалар дәрігерлердің жұмыс кестесін 60 күн бұрын жариялап, өзгерістер болған жағдайда оны дер кезінде жаңартып отыруға міндетті.
  • Қайта қабылдауға жаңа жолдама қажет емес. Егер емдеу жалғасып жатса, дәрігер пациентті терапевт арқылы қайта жолдама алмай-ақ келесі қабылдауға өзі жаза алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button