Маңызды 7 жаңалық

• Доллар, еуро және басқа валюталардағы депозиттердің шекті мөлшерлемесі 2,5%-ға көтерілді. Бұған дейін 1% болған. Бұл 1 қазаннан бастап ашылған немесе ұзартылған 12 айдан асатын жинақ депозиттеріне қатысты. Нақты мөлшерлемені банк белгілейді.
• Қазақстаннан Жапонияға тікелей рейстер ашылады. 30 қарашадан бастап Алматы–Токио бағыты бойынша ұшақтар аптасына екі рет қатынайды.
• 26 қазан – қосымша демалыс күні. Биыл Республика күні жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
• Жедел жәрдемді геолокация арқылы бақылауға болады. 13 қазаннан бастап бригада тағайындалғаннан кейін пациентке оның бағыты туралы хабарлама келеді. Медиктердің қозғалысын картадан нақты уақытта көруге болады.
• 12 қазаннан бастап кредиттен 14 күн ішінде бас тартуға болады. Бұл кепілсіз қарыздарға қатысты. Айыппұл салынбайды: тек алынған соманы және кредитті пайдаланған нақты күндер үшін есептелген пайызды қайтару қажет.
• Кейбір қазақстандықтарға тұмауға қарсы вакцина тегін салынады. Вакцинация басталып кетті. Тегін екпе тәуекел тобындағы азаматтарға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар адамдарға және басқа да топтарға жасалады.
• 9 қазаннан бастап оқушыларға сабақ кезінде телефон қолдануға тыйым салынады. Ерекшелік: телефон мұғалімнің тапсырмасы үшін қажет болса, өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнсе немесе денсаулық жағдайына байланысты қолдану қажет болған жағдайда.



