«Мұхит мұрагерлері» дәстүрлі ән кеші

4 қарашада Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Мұхит мұрагерлері» атты концерт ұйымдастырылады.
Музыкалық кеш Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының 60 жылдық мерейтойы аясында өтеді.
Концертке дәстүрлі ән орындау өнерінің өкілдері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Хатимолла Бердіғалиев пен ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Кәкімов қатысады.
Бағдарлама қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттауға, оның орындаушылық ерекшеліктері мен музыкалық мұрасын көпшілікке таныстыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылар кешке елорда тұрғындары мен қала қонақтарын шақырады.
Күні: 4 қараша 2026 жыл.
Уақыты: 14:00.
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры.
Билет құны: 3 000 теңгеден басталады.



