Елордада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталады

Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталады: тұрғындар ет өнімдерін тікелей фермерлерден сатып ала алады
7–8 қараша күндері Астанада «Соғым-FEST» ауқымды ет жәрмеңкесі өтеді. Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстардан келген фермерлік шаруашылықтар қатысады.
Екі күндік жәрмеңке аясында 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланған. Тұрғындар қысқы маусымға қажетті азық-түлікті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.
«Соғым-FEST» қазақ халқының қысқа дайындықпен байланысты ежелден келе жатқан дәстүрін заманауи форматта жалғастыруды көздейді. Жәрмеңке отандық фермерлер мен елорда тұрғындарын бір алаңда тоғыстырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.
Жәрмеңке демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қаланың үш сауда алаңында ұйымдастырылады:
- «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
- «Ет әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
- «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
Аталған орындарға қоғамдық көлікпен жетуге болады.
«Keruen Joly» және «Ет әлемі» сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
Ал «Jurt» сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобус бағыттары арқылы баруға болады.



