ДенсаулықҚоғам

Астана мен Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты Астана қаласы мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кейбір аймақтарда жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.

Әсіресе Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы құбылмалы болады. Абай және Ұлытау облыстарында да қолайсыз жағдайлар болжанып отыр.

Астанада бүгін күндіз ауа температурасы 0 градусқа дейін көтеріліп, түнде −7 градусқа дейін төмендейді. Күндіз аспан бұлтты болады, кешке қарай ашық ауа райы күтіледі.

Мамандар жүргізушілерге жолда жылдамдықты сақтап, көктайғақ кезінде арақашықтықты ұлғайтуға кеңес береді. Ал тұрғындарға ауа райына сай жылы киініп, алыс сапарға шығар алдында жол жағдайын тексеру ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button