Қазақстан жастардың болашаққа деген сенімі бойынша әлемнің 41 мемлекетінің арасында төртінші орынға ие болды.
Oxford Scholastica Academy жүргізген халықаралық зерттеуде Қазақстан 5 балдың ішінен 4,17 балл жинаған. Сауалнамаға әлемнің 41 елінен 1433 оқушы қатысқан.
Зерттеу барысында жастардың жеке болашағына, экономикаға, қоршаған ортаға, саясатқа және қоғамның келешегіне деген көзқарасы бағаланған.
Қазақстандық жастар жеке болашағына қатысты 4,71 балл, ал экономикалық мүмкіндіктерге сенімі бойынша 4,56 балл жинаған.
Рейтингте бірінші орынды Шри-Ланка, екінші орынды Кения, үшінші орынды Непал иеленді. Қазақстан Канада, Ресей және Армения сияқты мемлекеттерден жоғары орналасты.
Зерттеу нәтижесі қазақстандық жастардың жеке мүмкіндіктері мен елдің экономикалық болашағына қатысты оптимистік көзқарасын көрсетеді.



