Мәдениет

«Туған күн». Көңіл-күйіңізді көтеретін комедия

19 қараша, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында кешкі сағат 19.00 де «Туған күн» комедиясы сахналанады.

Ағылшын драматургі Рэй Кунидің бұл пьесасында сүттей ұйып отырған жас отбасының басына түскен қысылтаяң әрі күлкілі бір жайттың жай-жапсары, адам сенгісіз әсері суреттеледі. Банктың жас қызметкері, қарапайым бухгалтер Генри Перкинс ойламаған жерден көп ақша тауып алып, иен-тегін мол байлыққа кенеледі. «Ақшаның жұлдызы ыстық», қазақ мәтелінде айтылған бұл шындық комедия кейіпкерлерін бас-аяғы бірер сағаттың ішінде басын айналдырып, шырғалаңға салып жібереді. Ақшаның құдіреті табанда мәлім болады, адам баласының мінез-құлқы мен іс-әрекеті қас қаққанша өзгеріп, құбылып шыға келеріне көрермен қауым куә болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button