Қоғам

Отбасыларға арналған тегін семинар-тренинг өтеді

1желтоқсан сағат 15:00-де Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында әлеуметтік сүйемелдеудегі отбасыларға арналған семинар-тренинг өтеді. Іс-шара «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылады.

Семинардың негізгі мақсаты — қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы құндылықтарын нығайту. Жиынға мемлекеттік органдардың мамандары қатысып, өз тәжірибесімен бөліседі. Астана қаласы ПД-ның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмагүл Исмагұлова азаматтардың құқықтарын қорғау — олардың басты міндеті екенін айтып тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін не істеу керек түсіндіреді.

Сонымен қатар семинарда «Үміт» дағдарыс орталығының өкілі Айгүл Шамшатова әлеуметтік қолдау түрлері туралы айтады. ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының бас инспекторы Талғат Мұшанов құқықтық ағартудың маңыздылығына тоқталады.  «Әкелер одағы» РҚБ қалалық филиалының төрағасы, Бекдайыр Күзембай отбасының қоғамдағы рөлі жөнінде пікір білдіреді.

Іс-шара барысында орталықтың психологтары эмоцияны басқару, қауіпті жағдайларды тану және қауіпсіз әрекет ету дағдылары бойынша тренинг өткізеді. Ал заңгерлер қатысушылардың құқықтық қорғау тетіктері, сот тәжірибесі, қорғаныс ұйғарымдарын алу тәртібі және қолжетімді сервистер туралы сұрақтарына жауап береді.

Осындай шаралар қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбейтін отбасылық институтты күшейтуге үлес қосады. «Жанұя» орталығы қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдауды әрі профилактикалық бағдарламаларды дамытуды жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button