Қоғам
Автобус маршруттарын қайдан көруге болады?

Астанадағы аялдамаларда орналасқан автобус маршруттарын көрсететін табло бірнеше күннен бері істен шықты. СTS компаниясына таблолар қашан іске қосылатыны белгісіз деді. Әзірге жолаушылар автобус маршруттарын Avtobus қосымшасы арқылы біле алады. Одан бөлек 2 ГИС және Yаndex карталарынан көруге болады. Айта кетейік 29 қарашадан бастап № 65, №68, №78 жаңа автобус маршруттары іске қосылды.



