Қоғам

Байқоңыр ауданында тұратын алты анаға «Күміс алқа» тағылды

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Байқоңыр ауданында тұратын көпбалалы  6 ана «Күміс алқа» иесі атанды. Аналарға мемлекеттік марапаттарын аудан әкімі Талғат Рахманберді салтанатты түрде табыстады.

«Күміс алқа» иегерлеріне 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Олар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады.  Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан босату, тегін медициналық қызмет (дәрі-дәрмек, стоматология) және қоғамдық көлікте тегін жүру сияқты көмектер көрсетіледі, және мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігі бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button