«Арай» атты жаңа қосалқы станция іске қосылды

«Арай» атты жаңа қосалқы станция электр энергетикасы саласындағы заманауи техникалық шешімдер негізінде салынған. Жоба аясында жалпы қуаты 80 МВА болатын 110/20 кВ екі күштік трансформатор орнатылып, ұзындығы 11 км-ден асатын 110 кВ жоғары кернеулі кабель желілері тартылған.
Жобаны іске асыру нәтижесінде Астананың жаңа құрылыс ауданында орналасқан 80 мыңнан астам тұрғын, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандар және Тұран даңғылының батысындағы, Ұлы Дала даңғылы бойындағы аумақ сенімді әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.
«Арай» қосалқы станциясының жобасы — елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамыту стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады. Ол электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және Астананың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған.



