Қоғам
20-21 желтоқсан «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі жалғасады

Алдағы демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, іс-шара «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында, Алаш тас жолы, 35Б мекенжайы бойынша өтеді.
Сонымен қатар жәрмеңкеде көкөніс пен жеміс-жидек, ет өнімдері, ұн және сүт өнімдері, наубайхана тағамдары, табиғи шырындар, табиғи шырындар мен джемдер және өзге де азық-түлік түрлерін тиімді бағамен сатып алуға болады.
Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін жұмыс істейді. Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.



