2026 жылдың 2 тоқсанынан коммуналдық тарифтер өсуі мүмкін

Бұл туралы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысы Жандос Салимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Жандос Салимовтың президент тапсырмасы бойынша коммуналдық тарифтерді 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін ұстап тұратындарын айтты.
«Мемлекет субсидиялайтын тарифтер бар, олардың мерзімі аяқталған кезде тариф өзгереді деген сөз. Бірақ ол тарифтер де, өсуі жоспарланған тарифтер де 2026 жылдың 1 тоқсанына дейін бүгінгі деңгейде қалады. Бірінші тоқсаннан кейін қай тариф нақты қанша пайызға өсетіні белгісіз. Ал тарифтердің өсуіне спецификалық көрсеткіштер мен инфляция, индексация әсер етеді. Осылардың бәрін есептеп, қараймыз. Себебі уақыт өте келе заң бойынша, басқа да ережелер бойынша коммуналдық нысандардың ахуалын ойлауымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, әр субъектінің артында қызметкерлер тұр. Олардың жалақысы, басқа да шығындар бар. Бұл шығындардың құны да бір орнында тұрмайды. Сондықтан да өзгереді. Ал бірінші тоқсанның аяғына дейін ешқандай өзгеріс болмайды,» — деді департамент басшысы.



