Қоғам

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысынан Астанаға қосымша пойыздар қатынайды

Қолайсыз ауа райы салдарынан автожолдарда қозғалыс шектелуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша электропойыздар ұйымдастырды. Бұл шара өңірлер арасындағы көлік қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды қауіпсіз жеткізу мақсатында қабылданып отыр.

Жолаушыларды Ақмола облысындағы Көкшетау, Бурабай курорты, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астана қаласына жеткізу үшін келесі қала маңы пойыздары қатынайды:

№ 6830 «Көкшетау — Астана»

және № 7508 «Көкшетау — Астана».

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, күрделі ауа райы жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік түрлерінің бірі болып қала береді. «Қазақстан темір жолы» жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button