Қоғам
Астанада фермерлер жәрмеңкесі: тиімді бағадағы өнімдер ұсынылады

Астанада 10–11 қаңтар күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңкеге жергілікті шаруалармен қатар еліміздің әр өңірінен келген тауар өндірушілер қатысады. Келушілерге көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт және ұн өнімдері, наубайхана тағамдары, сондай-ақ табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер қолжетімді бағамен ұсынылады.
Іс-шара екі күн бойы, 10 және 11 қаңтарда, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.
Өтетін мекенжайы: «Keryen Joly» сауда орталығы, Алаш тас жолы, 35Б.
Жәрмеңке өтетін жерге келушілер үшін №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.



