Қоғам

Астанада алты әуе рейсі кешіктірілді: әуежай күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта екі халықаралық және төрт ішкі бағыттағы рейстің орындалуы кешіктіріліп отыр. Осыған байланысты аэродром қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі рейстердің келуі кешіктірілген:
KC 584 Санья — Астана;
DV 784 Өскемен — Астана;
IQ 400 Ақтөбе — Астана;
FS 7316 Қызылорда — Астана;
IQ 438 Петропавл — Астана;
KC 656 Доха — Астана.

Жолаушыларға рейстердің өзекті мәртебесін әуе компанияларының колл-орталықтарынан немесе әуежайдың онлайн-таблосы арқылы нақтылау ұсынылады.

— Күрделі метеорологиялық жағдайда аэродром қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ұшулардың қауіпсіздігін және әуежайдың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті техника жұмылдырылды. Біз рейстердің мүмкіндігінше кестеге сай орындалуы үшін бар күшімізді салудамыз, — деп атап өтті әуе айлағының өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button