Қоғам

Ассамблея мен Ұлттық кеңес таралады

Қоғамдық диалогтың жаңа форматы: Қазақстанда Халық кеңесі құрылады

V Ұлттық құрылтайда елдің қоғамдық-саяси жүйесін түбегейлі жаңартатын тағы бір маңызды бастама жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың қызметі аяқталып, олардың орнына Қазақстанның Халық кеңесі құрылады.

Президент бұл шешімді қоғаммен тұрақты, жүйелі диалог орнату қажеттілігімен түсіндірді.

«Қоғам дамуының барлық мәселесіне қатысты тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізу үшін ауқымды платформа қажет», – деді ол.

Қазақстанның Халық Кеңесі мемлекетіміздің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады. Кеңесті 126 адамнан жасақтап, оған этномәдени орталықтардың 42 өкілін, ірі қоғамдық бірлестіктердің 42 өкілін және мәслихаттар мен аймақтардағы қоғамдық кеңестердің 42 өкілін қосу ұсынылды. Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды. Ал төрағасын оның мүшелері сайлайды.

Жаңа орган этносаралық келісімді нығайту, ішкі саясатты жетілдіру, мемлекеттік идеологияны түсіндіру, ірі гуманитарлық форумдарды ұйымдастырумен айналысады. Осылайша, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік жаңа институционалдық деңгейге көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button