Астанада мәзірі 1000 теңгеден аспайтын ерекше кофейня ашылды
Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударған ерекше форматтағы Coffee Hub кофейнясы жұмыс істеп тұр. Жуырда желінің бесінші филиалы ашылып, ол Қабанбай батыр даңғылы, 56 мекенжайында орналасқан. Жаңа нүкте кең әрі жарық, көп адамға ыңғайлы етіп жасалған. Интерьері минималистік стильде безендіріліп, жайлы атмосфера мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Coffee Hub-тың басты ерекшелігі – бағалар барынша қолжетімді. Мұнда таңғы ас, түскі және кешкі тағамдар, түрлі жеңіл ас пен дәмді істік тағамдардың барлығы 1000 теңгеден ұсынылады. Кофе, лимонад және өзге де сусындар да осы бағада. Ал кейбір позициялар небәрі 500 теңгеден басталады. Мұндай баға саясаты бүгінде Астанада сирек кездеседі, тіпті баламасы жоқ.
Қабанбай батыр, 56 мекенжайындағы филиалдың ашылуы да ерекше форматта өтті. Қонақтар үшін түрлі сыйлықтар ұйымдастырылып, заманауи сервистік шешімдер таныстырылды. Соның ішінде ең көзге түсерлік жаңалық – электронды мәзір мен планшет арқылы тапсырыс беру жүйесі. Тағамдардың суреттері анық әрі тартымды, ал тапсырыс беру процесі өте жеңіл әрі жылдам.
Жалпы алғанда, Coffee Hub – заманауи технологияны, әдемі дизайнды және қалтаға қонымды бағаны бір жерге тоғыстырған орын. Осындай форматтағы, барлық тағамы қолжетімді бағамен ұсынылатын кофейня Астанада алғаш рет ашылып отыр деуге болады. Жаңа дәм іздеп жүргендерге және сапалы, арзан ас ішкісі келетіндерге Coffee Hub-қа соғып көруге әбден болады.
Мекенжайлары:
- Әнет Баба 8
- Сығанақ 54A
- Төле би 61
- Кенесары 24
- Қабанбай батыр 56



