Қоғам

Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2026» жобасына өтінім қабылдау басталды

Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардан өтінім қабылдау басталды. 2026 жылғы 23 қаңтар мен 1 наурыз аралығында елорда тұрғындары аула аумақтарын, қоғамдық кеңістіктерді, балалар мен спорт алаңдарын, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыруға қатысты өз бастамаларын ұсына алады.

Әр жоба нақты ұсыныс пен қаржылық есепті қамтуы тиіс. Өтінімдер аудан әкімдігінің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет – 2026» бөлімінде қабылданады.

5 сәуірге дейін жобалар техникалық сараптамадан өтеді. 6–24 сәуір аралығында тұрғындар жобаларға дауыс береді, ал қорытынды 24–29 сәуір күндері шығарылады. 4 мамырға дейін Сараптамалық кеңес қолдау тапқан бастамалардың іске асу кезектілігін анықтайды.

Жобалар көппәтерлі үйлердегі пәтер санына қарай төрт санатқа бөлінеді. Шешім пәтерлердің жалпы санына шаққандағы дауыс үлесіне сәйкес қабылданады.

Тұрғындардың қолдауына ие болған жобаларды жүзеге асыру 4 мамыр мен 15 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button